Адамдар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
" Хабарлама келіп түскеннен кейін оқиға орнына шұғыл қызметтер жұмылдырылып, адамдар эвакуацияланды және аумақ қоршауға алынды. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ", — делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Полиция терроризм туралы көрінеу жалған хабарлама таратудың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қарастырылатынын және бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін ескертеді.
Сурет: ашық дереккөздерден