Заңгер Айгүл Орынбек жапон халқы туралы айтып, қазақстандықтарды қатаң сынға алды. |
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Жапон халқының адам өміріне жауапкершілігіне бас йемін.
“Неге шенеуніктеріне бас йемін?” -деп жазбадың дейтін шығарсыңдар?
Себебі халқы талапшыл елдің, билігі халықшыл болады!
Біздің халық миы уланып, уағыз айтып, қыздарымызды талақ айтып, қолғапша ауыстырып жүргенде басқа елдер 50-100 жылға алға осылай дамып кетті.
7,5 балла жер сілкінседе 100 қабатты үйлері міз қақпай тұр!
Біздің үйлердің сапасын айтуға қорқамын.
Жемқорлыққа толы сыбайласқан жүйеде салынған үйлердің сапасы 4 баллға шыдамайды ау?!
Жүйедегі жемқорлықты, сыбайластықты жоятын ер азаматтарымыз тек әйелдердің мінезі мен кимімен айқасып кетті өкінішке орай.
Билікке солай тиімді болды, еркектер әйелдерді мыжғылап езе берсе, билік арқарай өзінің білгенін жасай берсе!
Біздің зіңгіттей- зіңгіттей жігіттер елдің дамуына үлес қосудың орнына, мешіттің айналасын айналып жүріп, Сириядан бірақ шықты.
Топас халық басқаруға оңай демекші, көк жәшікте жын ойнақ, рухани жаңғырамыз деп, рухани қаңғып кеттік.
“Көзіңді аш оқы”, “кімнен не талап етуді үйрен” десең сен жамансың! Сен биліктің жауысың, себебі сен қараңғы халықтың көзін ашып жатқаның үшін сенің ұстанымың дұрыс емес! Халықта сенің басыңнан сипамайды, себебі сен бәрін халық үшін тегін жасау керексің!
Отырып алып “сен жақсысың”, “курсымды ал тез байып кетесің” десең жұмыс істемей тез байып кеткісі келетін халықтың санасы өзгермей билікте отырғандар өзгермейді!
Конститутциямыздың 1 — бабы Мемлекеттің ең бірінші байлығы Адам және оның өмірі!
Адам өмірін сақтап қалу-кез келген жасаған дүниенің қауіпсіздігі мен сапасына байланысты екенін ұмытпайық", — деп жазды Айгүл Орынбек.