Белгілі отандық өнерлі отбасы Жүгінісовтар отбасы тағы да елдің сынының астында қалды. |
Бұл жолы көпшілікке олардың үлкен баласынан бөлек, кішісінің де сақал қойып, дінге бет бұрғаны ұнамай қалған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Танымал әнші анасы Айнұр Жүгінісовамен бірге отандық бағдарламалардың біріне келген.
Белгілі болғандай Жүгінісовтардың кенже ұлы «Qazaqstan дауысы» жобасына қатысып жатқан көрінеді. Мұхаммедәлі Жүгінісов бағдарлама барысында аталған жоба туралы айтқан. Ол байқауға қатысушылардың таланттарына тәнті болғанын атап өткен.
Десе де, көпшілікке Жүгінісовтардың кішісінің шаш өсіріп, сақал қойғаны ұнамай қалған.
"Шашы не пәле еркек сияқты болу керек қой", "Сақалының жараспағанын, сәннен садақа кет", "Семьяларымен осындай орамал, сақал болып кетті. Сондай современной семья еді", "Жап-жас болып неге қырынып жүрмейді екен сақал-сақал болмай" деп жазды олар.