2024 жылғы Ресей президентін сайлау кезінде дауыс беру үш күнге, яғни 15-17 наурыз аралығында өтеді. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қаулы жобасы президентті сайлауға үш күн ішінде – 2024 жылғы 15, 16, 17 наурызда дауыс беруді көздейді, деп мәлімдеді РБК.
7 желтоқсан күні Федерация Кеңесі сайлауды 2024 жылғы 17 наурызға белгілеген еді.
Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова өзін-өзі ұсынған кандидаттар 27 желтоқсанға дейін, ал партиялық кандидаттар 1 қаңтарға дейін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсыру керек екенін айтты.
Президент Владимир Путин парламент сайлауды тағайындағаннан кейін өзін ұсынатынын не ұсынбайтынын айтатын жеткізген. Оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, егер Путин өз кандидатурасын ұсынса, оған "ешкім бәсекелес бола алмайды".