«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ауа райына байланысты ескерту Астана қаласы мен еліміздің 12 облысында жарияланған. |
30 қарашада Астанада көктайғақ болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, ал күндіз – оңтүстігі мен орталығында жел 18-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысында қатты жауын-шашын болып, тұман түседі.
Ақтөбе облысында тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысында жауын-шашын, көктайғақ, тұман және бұрқасын болады деп болжануда.
Ақмола облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Жетісу облысында батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде жел екпіні кей кезде 25 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысында – тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысында кей кездері қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел бағытын шығысқа ауыстырып, түнде облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Абай облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады. Облыстың батысында, орталығыда жел екпіні 15-20, кей кезде 25 м/с дейін жетеді.