Jusan әлемде бірінші болып бизнес-карталарға арналған инновациялық Visa сервисін енгізді

Jusan Business цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы-Visa компаниясымен бірлесіп, кәсіпкерлерге бизнес-карталар арқылы ресімделген жазылымдарын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін жаңа сервисті іске қосты.

"Клиенттеріміздің тұтынушылық тәжірибесін талдай отырып, біз олардың кейбіреулері жазылым қызметтерін төлеуге өз компанияларының бюджетін тиімді жұмсамайтынын білдік. Кәсіпкер енді қандай да бір қызметті пайдаланбаса да, бірақ қызмет үшін төлем үнемі шоттан шешіледі. Сондай-ақ, клиент жеңілдік кезінде жазылған қызметінен бас тартуды ұмытып кетіп жатады ал ол ақылы дерлік. "Жазылым менеджері" қызметі (Subscription Manager) бұл мәселенің шешімін тауып, біздің клиенттерімізге тек шын мәнінде сұранысқа ие төлемдерді төлеуге көмектеседі", – дейді Jusan Bank өнімдерін әзірлеу департаментінің директоры Айбек Жұмағалиев.

Visa интеграциясының арқасында банктің бизнес клиенттері Visa карталарына қатысты барлық жазылымдарын тікелей Jusan Business мобильді қосымшасында басқара алады. Интуитивті қызмет әртүрлі санаттардағы жазылым төлемдерін бақылауға, қосуға және сандық қызметтерден бағдарламалық жазылымдарға дейін мүмкіндік береді.

"Visa-мен бірлесіп транзакциялардың сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған деректерді қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеміз. Барлық төлемдер туралы мәліметтер шифрланған және олар Visa белгілеген халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес өңделеді", – деп толықтырды банк өкілі.

Visa мәліметтері бойынша, Jusan Bank бұл қызметті әлемде бірінші болып банктер арасындағы ШОБ сегментіне арналған қосымшаны ұялы телефонда іске асырды.