Бір аптада елімізде азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1%-ға, ал жылдық мәнде 5% өсті. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлады.

Әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 7 қараша/:
– Айран 2,5% – 414тг/л;
– Рожки – 316тг/кг;
– Сүзбе – 2105тг/кг.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.