Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мемлекет басшысын Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды", — делінген Ақорданың ресми парақшасында.