Композитор Қалдыбек Құрманәлі Бекболат Тілеухан қазақ қоғамына үлгі алатын азамат бола алмайтынын мәлімдеді. |
Бұл туралы ол "Қасқа жол" YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бекболаттың 4 әйел алған алмағанын анық білмеймін. Бірақ, бір жақсы жері, ол оны өзі айтып отырады. Әлеуметтік желі деген жақсы болды. Кімнің неше әйелі, неше тоқалы, неше баласы барын олар өздері айтып отырады. Әлеуметтік желіде өздерінің артын өздері ашып отырады. Мен үшінші рет үйлендім, төртінші рет күйеуге шықтым, Түркияға көшіп бара жатырмын, күйеуім менен кішкентай деп Instagram желісінде өздерінің артын өздері ашып жатыр. Ол ақпараттарды ешкім қазбалап іздеп жатқан жоқ. Бірақ, бұл дүниелермен кейінгі жас ұрпақ уланады. Өз еңбегімен білім алып, өсіп келе жатқан балалар соны көріп, біреуге тоқал, нақсүйер болсам тез көтеріледі екенмін деп ойлайды ғой. Мен содан күйіп, жаным күйзелгеннен кейін айтамын. Әйтпесе менің жеке басыма келіп-кететін ештеңе жоқ. Солардың ішінде мынау қазақ өнерпазы деп айтуға арланатын, намыстанатын адамдар бар. Соларды көргенде күйіп-пісемін", — дейді ол.
Сондай-ақ, композитор журналистің "Бекболат Тілеухан 4 әйелді қатынқұмарлықтан алды ма" деген сауалына да жауап берді.
"Бекболат деген кім? Сондай адам бар екен, ол өмір сүріп жатыр. Өзіне ұнаса, солай өмір сүре берсін. Бірақ, Бекболатты өнеге ретінде алуға болмайды. Қатынқұмарлығы ма, 4 әйел алды ма оны өнеге ретінде алмау керек. Өзіне ұнаса тағы төртеуін алсын. Маған десе, әртүрлі ұлттан тұқым алмастырып көрсін. Арғын мен беларусьтің, арғын арабтың, арғын мен негрдің қыздарынан қандай бала туытынын көріп, ғылыми зерттеу жасағысы келсе, жасасын. Бірақ, дәл қазір Бекболат Тілеухан дәл қазір қазақ ұлтына өнеге болатын адам деп қабылдамаймын. Ол өз тағдырымен жүрген адам", — дейді Қалдыбек Құрманәлі.