Қаңтарда Алматы облысының тауларында бәйшешек гүлдеді

08.01.2024 10:02 · Общество

Бәйшешектің фотосы Instagram-дағы «talgar_v_kadre» парақшасында жарияланды.

«Әуелі спирт зауытынан Рысқұловқа дейін шатқалды жағалап жүрдік. Кейін тау жотасына келіп, қырды араладық. Шатқалда да, тауда да бәйшешек гүлдеп тұр. Аз мөлшерде деп айта алмаймын», — делінген хабарламада.

Пайдаланушылар таңғалып, пікірін қалдырып жатыр.

Дәл осындай ерекше құбылыс 2023 жылдың 3 желтоқсанында да хабарланған еді. Сол кезде де Алматы тауларында бәйшешек гүлдеген.

Сурет: Zakon.kz