Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға бірқатар міндеттер жүктеді

Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндалды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Президентке министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берілді.

Аида Балаева креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.