Абай облысында құтқарушылар медициналық көмекті қажет еткен әйелге көмекке келді

Ауа-райының нашарлауына байланысты жолды қар басып, көмек алу қиындаған.

Белгілі болғандай Абай облысы Жарма ауданының шаруа қожалықтарының бірінде 1978 жылы туған әйелді тасымалдауға көмек қажет болған.

Ауа-райының нашарлауына байланысты жолды қар басып, жүру қиынға соққандықтан, Семей қаласының жедел құтқару жасағының қызметкерлері өтімділігі жоғары техникамен жолға шықты.

Шақыру орнына аман-есен жеткен құтқарушылар науқасты жедел жәрдем көлігіне жеткізіп, оны Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне табыстады.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі