Продюсер, актёр Жахан Отарғалиев толықтай ажырасқанын жариялап, Балжан Бидашпен қоштасты |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Актёр сүйіктісіне сөз салған жерге барып, ара қатынасы тоқтағанын ашық айтты.
- Мен қазір Стамбулдамын. Қатты толқын тұрмын. Әсерлі сәт. Мен осы жерге келіп сөз салғанмын. Қай жерден басталды, сол жерде аяқталу керек деп шештім. Сол дұрыс екен. Негізі мен шын ғашық болдым, деп бар сырын ақтарды.
"Стамбул қаласын ерекше жақсы көремін. Себебі мен алғаш рет шетелге шығып, осы қалаға келдім. Бұл қалада алғаш рет үлкен киноға түстім. Сосын Стамбулдың тағы бір ерекшелігі — бұл қалада мен шын ғашық болатынмын. Кімге және қалай екенін өздеріңіз жақсы білесіздер .
Осы теңіздің жағасында жүріп өзімнің махаббатымды, сезімімді ол адамға білдірткен болатынмын. Осы қалада мен оған сөз салдым. Осы теңіздің жағасында жүріп біраз армандайтынбыз. Бүгін дәл осы сәтте, дәл осы жерде мен ол адаммен қоштасқым келіп тұр. Қиын. Бірақ жарты жылдай уақыт өтіп кетті, ешнәрсе өзгермейтініне көзім жетті. Сол себепті қоштасудан басқа амал жоқ. Жаңа өмір бастау керек. Бізге берілген қысқа ғана ғұмырды тиімді өткізу керек. Бұл видеоны ол көретініне жүз пайыз сенімдімін. "Касконтай" қош бол", — деді Жахан Отарғалиев.