Алманы Қазақстанға Польшадан ғана емес, Италиядан да алып келеді, деп хабарлайды LS.
Биылғы жылы жақсы егіннің арқасында Қазақстан 2024 жылдың соңына дейін (ЕАЭО-ны қоспағанда) автокөлікпен алма әкелуге тыйым салды. Бұл жемістің жалпы жинағы 300 мың тонна (+18%) деңгейінде болады деп күтілуде, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін жабады.
Сонымен қатар, LS тілшісі осы жылғы тәтті жеміс импортының жағдайын зерттеп көрді. I жартыжылдықта жергілікті дүкендер мен базарларға 94 мың тонна шетелдік алма түсті. Бұл өткен жылдың қаңтар-маусымындағыдан 1,6 есе көп. Қазақстанға $40,9 млн. сатып алынды.
Дәстүр бойынша негізгі көлем Польшадан әкелінді – $23,9 млнға 46,9 мың тонна (+13,8%).
Бір қызығы, басқа елдерден жеткізілім күрт өсті. Мысалы, Ираннан 21 мың тонна алма сатып алынды ($7,8 млн), бұл өткен жылмен салыстырғанда жеті есе көп. Қытайдан $4,7 млн-ға 13,2 мың тоннаны (өсім 15,3 есе), ал Молдовадан – $764,1 мыңға 1,6 мың тоннаны (өсім 16 еседен астам) сатып алды.
Бірақ Өзбекстаннан импорт, керісінше, 9,4%-ға қысқарды. Ол жерден $2,8 млнға 7,8 мың тонна алма әкелінді.
Осы елдерден басқа, шағын партия Италиядан да жіберілді – $19,1 мың долларға 37,7 тонна. Айта кетейік, өткен жылы ол жерден жеткізілім болған жоқ.