Геология және жер қойнауын қорғау министрлігін құру шығынды әрі мемлекеттік қызметшілер санын арттырады. |
Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ға сілтеме жасап.
«2022-2023 жылдары барлау, өндіру келісімшарттары және барлауға арналған лицензияларды тексеру жүргізіліп, нәтижесінде өз міндеттемелерін орындамайтын жер қойнауын пайдаланушылардан лицензиялар қайтарып алынды әрі келісімшарттар бұзылды. 2024 жылы жер қойнауын пайдаланушылар қызметін одан ары бақылау мақсатында шамамен 250 қосымша көшпелі тексеру жоспарланып отыр. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Үкімет геологиялық саланы кезең-кезеңмен жаңғыртудың қажетті шараларын қабылдады. Орталықтандырылған басқару стратегиясында жаңа қайта құру жалпыұлттық жоспарларды жүзеге асыру мерзімін ұлғайтуға, мемлекеттік қызметшілердің штаттың санын арттыруға және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылай шығынға алып келеді. Осылайша, Үкіметтің минералды-шикізаттық базаны толықтыру және жер қойнауын қорғау бөлігінде жүргізіп отырған саясаты алға қойылған барлық міндеттің орындалуын қамтамасыз етеді», — деді Олжас Бектенов жауабында.