"Осы екеуі-ақ өздерін күшті қылып көрсете береді екен": Гүлзира Айдарбекованың басы тағы дауға қалды

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова жолдасы екеуінің бақытты сәтін бейнелейтін видео салды.

Алайды аталған бейнежазба көптің сынына ұшырады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айдарбекова бұл жолы жолдасы Нұртас Айдарбековпен жылдар бойы қарым-қатынасының суымағанын, керісінше қаншалықты бір-бірін сыйлайтынын көрсеткісі келген.

"Ескірмеген, ескірмеген махаббат... Адам баласы өмірдің төрт кезеңін басынан өткереді. Сәби шақ, жастық шақ, орта буын және қарттық. Төрт кезеңде де өлмейтін, қартаймайтын дүние бар, ол – махаббат. Махаббат адамның жүрегінде тұтанып, санасына, бойына таралатын ұлы сезім. Өлмейтін махаббатты жасаушы да өзіміз. Дәл осылай қол ұстасып, бала-шаға, немерелердің ортасында бақытты болып жүрген кезге не жетсін. Әдемі қартаю да бір бақыт, сол бақытты баршамызға нәсіп етсін. Кімге дәл осылай «бақытты сәтті» тілейсіз, сол адамға осы видеоны жіберіңіз немесе осы жерге белгілеп кетіңіз", — деп жазды ол.

Көпшілік Айдарбекованың бұл әрекетін сынға алған. Олар:

"Осы екеуі-ақ əйтеуір өздерін күшті ғып көрсете береді. Кейде ерсі болып кетеді. Əрнəрсенің өз уақыты бар, өз сəні бар. Қанша жерден силастық қой дегенмен өте ерсі ғып жібереді. Бұндайды жастарға-ақ берсейші. Көреалмаушылық емес, өз пікірім", "Жарасып тұрса мейлі ғой, бір түрлі орта жаста қызық екен", "Бақытты болыңыздар, бірақ жұртқа жар салудың қажеті жоқ деп ойлаймын" деп жазды олар.