Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 25 қаңтардағы «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарда әскери қызмет өткеруге шақырылсын, — делінген құжатта.
2024 жылы әскери қызметке шақыруға жататын запастағы офицерлер саны.
Қарулы Күштер – 600 адам;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
Ұлттық ұлан – 42 адам;
Төтенше жағдайлар министрлігі – 30 адам.
Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.
Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.