Таразда көктайғақтан бір күнде 250-ге жуық адам дәрігердің көмегіне жүгінген

Тараз қаласында көктайғақ салдарынан бір тәулікте 250-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 100 адамға артық.

Қалалық аурухананың жарақат бөліміне барғандардың дені- көпқабатты үйлердің тұрғындары.

Тайып жарақат алғандардың арасында, балалар да бар, деп жазады Сaravan.kz медиа порталы qazaqstan.t-ға сілтеме жасап.

Облыс орталығында кейінгі кездері ауа-райы күрт құбылып тұр. Күндіз шамалы еріген қар, кешкісін қайтадан қатады.

Сондықтан, жаяу жүргіншілер арасында жазатайым жағдай жиілеген.

"246 адам түсті, оның ішінде 7 адам травмотология бөліміне жатқызылды. Түскен азаматтардың жастары 30-дан 70 жасқа дейін. Оның ішінде аяқ, қол, қабырғалардың сынуы бойынша қаралып кеткен."