2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

25.11.2024 05:19 · В Мире

Алдағы жылы жалпы мыңға жуық адам шақырылады.

«Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын,» — делінген құжатта.

Барлығы 915 адам шақырылады, оның ішінде:

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары – 700 адам;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам;
  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.

Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енеді.

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев